30
қаңтар
2025
"Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс-шаралар жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Айтказиева Ж.У. ұйымдастыруымен "Оқушы үлгерімінің жақсарту факторы" тақырыбында коучинг өткізді.
N22 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 1-4 - сынып білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 13-31-қаңтар аралығындағы аудандық "Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс-шаралар жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Айтказиева Ж.У. ұйымдастыруымен "Оқушы үлгерімінің жақсарту факторы" тақырыбында коучинг өткізді. Коучингте "Кейіпкер аймағы", бейне таспаның үзіндісін ұсынып, проблеманы анықтау мақсатында "Дана үкілер" әдісімен жұмыс жүргізілді. "Миға шабуыл" әдісі бойынша ойларын ортаға салды.
