"Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс- шаралар жоспарына сәйкес 22- қаңтар күні "Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі - саналы ұрпақ кепілі " тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс- шаралар жоспарына сәйкес 22- қаңтар күні "Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі - саналы ұрпақ кепілі " тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді.
22
қаңтар
2025

"Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс- шаралар жоспарына сәйкес 22- қаңтар күні "Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі - саналы ұрпақ кепілі " тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді.

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 1-4-сынып білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 13-31-қаңтар аралығындағы аудандық "Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс- шаралар жоспарына сәйкес 22- қаңтар күні "Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі - саналы ұрпақ кепілі " тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді. Мақсаты: Ата – аналарды мектеппен байланысын қалыптастыру. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу. Ата – анаға әрбір пән мұғалімдерімен жеке – жеке кездесуге, оқу және тәрбие жағдайларымен танысуға мүмкіндік туғызу. Ата-аналар сабақтарға, ашық сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысып, оқу процесімен жақынырақ танысты. Ұл-қыздарының мектептегі өмірімен қызыққан ата-ана өз қалауларымен сабақтарға кіріп, ұстаздардың сабақ өткізу әдістерімен танысты. Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқады. Мектеп-халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ізгі қасиеттерін жас жеткіншектер бойына сіңіретін орта. Ендеше, рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана–болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Ата-бабабадан қалған өшпес мұра, мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақ бойына дарыту –мектеп міндеті. «Көкірек көзін оята тәрбиелеу» - ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салыстыратын жауапты міндеттің ең бастысы болып табылады.

Похожие публикации: