22
қаңтар
2025
"Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ"жобасы іс-шаралар жоспарына сәйкес 22 - қаңтар күні музыка пәнінің мұғалімі Шөпшекбай Д. Ү. 4"А" сыныбына музыка пәнінен " Музыкадағы табиғат құбылыстары"
N22 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 1-4 сынып білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 13-31 қаңтар аралығындағы аудандық "Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ"жобасы іс-шаралар жоспарына сәйкес 22 - қаңтар күні музыка пәнінің мұғалімі Шөпшекбай Д. Ү. 4"А" сыныбына музыка пәнінен " Музыкадағы табиғат құбылыстары" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: Ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым әндерді орындау, жаңа ән үйрену. Сабақтың барысында жаңа әнмен танысып, табиғат пен музыканың байланысы анықталды. Түрлі табиғат туралы әндер, музыкалық шығармалар және табиғаттағы құбылыстардың адам өміріне қаншалықты маңызды екені анықталды.
