3 "А" сыныбында музыка пәнінің мұғалімі Шөпшекбай Д.Ұ. "Музыка және уақыт" тақырыбында ашық сабақ өткізді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3 "А" сыныбында музыка пәнінің мұғалімі Шөпшекбай Д.Ұ. "Музыка және уақыт" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
13
қараша
2024

3 "А" сыныбында музыка пәнінің мұғалімі Шөпшекбай Д.Ұ. "Музыка және уақыт" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

13.11.2024 жылы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-қараша мен 11-желтоқсан аралығында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің "Жасанды интелект дәуіріндегі бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылыққа негізделген білім берудің маңызы" тақырыбындағы айлық жоспарына сәйкес 3 "А" сыныбында музыка пәнінің  мұғалімі  Шөпшекбай Д.Ұ.  "Музыка және уақыт" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар тыңдаған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтайды және салыстырады. Музыка мен уақыттың байланысын анықтап, уақыт өлшемдерімен танысып, олардың ұзақтығын анықтайды.
Сабақ ең алдымен домбыра арқылы амандасумен басталып,  кейін өткен сабақтағы үй тапсырмасы сұралып, оқушылар тапсырманы сәтті орындады. Одан кейін жаңа сабақтың тақырыбы таныстырылып, музыка мен уақыт жайлы түсінік берілді. Уақыт өлшемдерінің  қандай, қанша болатыны жайлы айтылып, жалпы сабақтың мәні ашылды. Келесіде, топ екіге бөлінді: «Секунд» және «Жыл» тобы.Сонымен қатар, топтың көшбасшылары да анықталды.  Бұл топтар 3 тапсырма бойынша бір-бірімен жарыса отыра сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды жылдам орындап, сабаққа белсенді қатыса білді.1- тапсырмада суретте берілген уақыт өлшемдерінің аттарын (яғни, секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл) табу болатын. 2-тапсырмада тақтада тұрған уақыт өлшемдерінен тұрған торкөздерді толтыру міндеттелген. 2 тапсырманың талабы тапсырманы қай топ жылдам әрі дұрыс орындайтынында болған. 2- тапсырмада да «Секунд» тобы ойдағыдай орындап жеңіске жетті. Келесі кезеңде сабақтың мағынасын ашу себепті кішігірім сергіту болды. Топтар орыс композиторы Г. Свиридовтың «Время, вперед!» атты уақытқа тікелей арналып шығарған сюитасын тыңдап және талдап, ішінде қандай музыка аспаптары ойналып жатқанын тауып, уақыт өлшемдеріне теңей білді. Екі топқа берілген 3-тапсырма топтың көшбасшыларына арналды. Екі топтың көшбасшысы шығып дротиктер арқылы сұрақтар жасырынған 3 шарды жарып, оларға жауап берді. Нәтижесінде 2:3 есебімен жеңіске «Жыл» тобы жетті. Кезекті кезеңде «Сырлы сағат» атты Т.Тоқжановтың  әнін оқушылар үйренуге көшті. 2-3 рет қайталау барысында әнді түсініп, жаттап алды. Солай сабақ соңына таяп, сабақ қорытындыланып, топты бағалау кезеңіне таяды. Соңында 3 тапсырма бойынша 2:1 есебімен алдыға шыққан «Секунд» тобы болды. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс  алынды.
Ғасырдан ғасырға жеткен ән-күйлерді, салт-дәстүрлерімізді насихаттау арқылы, болашақ ұрпақты қазақ өнеріне баулу.

Похожие публикации: