Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылыққа негізделген білім берудің маңызы» тақырыбындағы айлығының ашылуы өткізілді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылыққа негізделген білім берудің маңызы» тақырыбындағы айлығының ашылуы өткізілді.
11
қараша
2024

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылыққа негізделген білім берудің маңызы» тақырыбындағы айлығының ашылуы өткізілді.

№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-қараша  күні  бастауыш сынып әдістемелік  бірлестігінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі бастауыш сынып оқушыларына ұлттық  құндылыққа негізделген білім берудің маңызы»  тақырыбындағы айлығының ашылуы  өткізілді. Мақсаты: Жасанды  интеллект дәуірінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылыққа негізделген  білім берудің артықшылықтарын насихаттау.  Жаңа әдіс-тәсілдерді басшылыққа алып оқытудың маңыздылығы тілге тиек етіліп, келешек үшін маңызын айқындау.  Жасанды интеллект тарихына терең тоқталып, оның болашақ үшін  тигізер пайдасын саралау.  Айлықтың ашылуы ҚР  Гимнін орындаумен басталды. Бастауыш сынып оқушылары Туған жер, Отан туралы  өлең шумақтарын  нақышына келтіре орындады.   Ерсайын  Шалқар «Егемен Қазақстан» әнін орындады. 3 «А» сыныптың оқушыларының орындауында «Көк байрағым»  әні,  2 –сынып оқушыларының  орындауында «Қазақстаным Отаным»  әндері орындалды. 3 «А», 3 «Ә» сыныптың  қыздары   «Ромашка»,  2-сынып оқушылары  би  биледі. Оқушыларға қызықты викториналық сұрақтар, логикалық есептер, мақал – мәтелдердің  жалғасын  тап ойындары ойнатылды. Іс-шараның соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Б.А.Мусаева   оқушыларға   жылы лебізін білдіре отырып, айлық  барысында өткізілетін іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.

Похожие публикации: