15
наурыз
2024
"Мамандық таңдау жүрек қалауы немесе заман талабына сәйкес таңдауы" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен дебат
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру бойынша ұйымдастырылған онкүндік аясында 15 наурыз күні кәсіби бағдар беруші педагог М.Чимбатчаева "Мамандық таңдау жүрек қалауы немесе заман талабына сәйкес таңдауы" тақырыбында9 сынып оқушыларымен дебат өткізді. Оқушылардың бойында мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандық таңдау түрлері мен олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз ұшқыр пікірлерін еркін айтып, жүйелі ойлауға баулу мақсатындағы өткізген дебат оқушылардың ойына толғам, қиялына қанат бітірді