Дейді ғой қазағымда кие күшті.
Әмре атам әруағы қолдады ма,
Сахнада қайта-қайта тиек ұшты- деп суырып салып, әзілді тапқырлығын көрсеткен еді.Қазіргі таңда Екпінді ауылында Рахымбай ата мешітінде қызмет етуде. Жақсы адам –қобалжуды білмейді, адамгешілігі бар адам қам жемейді, батыл қорқынышты білмейді –дегенсөз Дулатқа арналғандай.
2016жылы жақсы көрсеткішпен Тараз қаласындағы Жамбыл Политехникалық Жоғары Колледжіне Радиоэлектроника және байланыс мамандығына оқуға түскен.Оқуда жан жақты белсенділік танытып, 2016-2018 жылдары баскетболға қатысып колледж командасында ойнап І-орын иеленіп 3 медаль, мақтау қағаздарын алған. Оқу барысында Русская литература пәнінен «Моя Родина» атты шығармалар байқауына қатысып І-орын алған.
2016жылы Жамбыл политехникалық Жоғары колледжінің жатақханасына орналасқан, 3жыл жатақханада тұрған.Жатақханада мәдениет министрінің қызметін атқарған. Жатақхана ішінде ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысқан, «Күз Аруы», «Қыз сыны»байқауында І-орын алған.2019-жылы Жамбыл политехникалық Жоғары колледжін үздік аяқтаған.
2019-жылы Тараз Мемлекеттік Гуманитарлық Университетіне оқуға тапсырып, оқуын жалғастыруда.
]]>
1995 жылдың 13 қарашасында Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген.
2002 жылы Екпінді ауылының бастауыш мектебіне барып, 2013 жылы оқу озаттарының қатарында мектепті аяқтаған.
2013 жылы Астана қаласының Еуразия Ұлттық Университетінің «Әлеуметтік ғылымдар факультеті», «Психология» мамандығына түсіп, 2017 жылы бакалавр атанған.
Жоғарғы оқу орнын аяқтап, Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК 2017 – 2019 жылдар аралығында психолог маманы болып жұмыс атқарған. Жұмыс орнында белсенділік танытып, көптеген семинарлар мен конфиренцияларға қатысып, біліктілігін арттыра отырып, мақтау қағаздар мен сертификаттар иесі атанған.
Қазіргі таңда М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультеті», «магистратура» бөлімінде «психология» мамандығы бойынша білім алуда.
2016 жылы Тараз Инновациялық Гуманитарлық Университетіне математика мамандығы бойынша оқуға түседі. Униврситетте оқып жүріп түрлі іс-шараларға белсене ат салысып, «IRIS» атты әнші тобының вокалисткасы болады. Ұлттар мейрамында өткен сайыста өз өнерін көрсетіп «Өнерлі әнші» номинациясымен марапатталады. Қазіргі таңда ТИГУ-ін бітіріп, комунальдық мемлекеттік мекемесінде математика пәнінің мұғалім қызметін атқаруда және математика пәнін ары қарай дамыту үшін магистратураға түсіп білімін жалғастыруда.
Шолпанкулова Әлия Ержанқызы, 1998жылы 23тамызда туылған. 2005жылы мектеп табалдырығын аттап, оқу барысында жақсы нәтижелер көрсеткен. №22 орта мектепте оқып жүріп Меркі Аудандық Абай оқуларынының I – орын иегері, Жамбыл Облыстық Абай оқуларының III – орын иегері атанған. Зерде, Кенгуру, Ақбота тәрізді халықаралық және республикалық сайыстарға қатысқан.
2013 жылы жақсы көрсеткішпен Тараз қаласындағы Физика Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебіне оқуға түседі. 2014жылы желтоқсан айында English Immersion Programme бағдарламасымен ағылшын пәнінен үздік нәтиже көрсетіп, Сингапур қаласында оқу курсынан өтеді.Мектеп қабырғасында белсенділік танытып, барлық іс шараларға аса үлкен жауапкершілікпен қатысады. 2015жылы өз ойынан өлең шығару жинағымен облыстық және республикалық деңгейде жақсы нәтижелер көрсеткен. 2015жылы ағылшын пәнінен International English Language Testing System тестін британдық академиктерге тапсырған. Абай атамыздың 170 жылдығына орай облыстық ғылыми жобаның II орынын иеленген. 2016 жылы Халықаралық Кембридждік A-level-дан 117балл жинап, Қарағанды Мемлекеттік Медицина университетіне түседі. Қазіргі таңда еліміздің білікті дәрігері болу мақсатында жалпы медицина факультетінде , Қарағанды Мемлекеттік Медицина университетінде оқуын жалғастыруда.
]]>