Балаға мейірім сыйла » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » Балаға мейірім сыйла
29
октябрь
2018

Балаға мейірім сыйла



№22 жалпы білім беретін мектеп

2018-2019 жыл     

  Анықтама

29-октябрь «Қамқоршы күні»  мерекесіне байланысты  «Балаға мейірім сыйла»  республикалық аясында  «Айдан  біздің жұлдызымыз» атты шығармашылық концерті өтті. 

Мақсаты: Әке шешеден бір күнде айырылған , Айдан аудандық  «Атадан қалған мұра» байқауында бас жүлде алып,.Кейіннен облыстан  «Өнерге қанат қаққандар» байқауына қатысып, І орын,Республикалық  рухани –патриоттық байқауында бас жүлде, Тараз қаласында өткен Республикалық  «Құс жолы» балалар өнер байқауында бас жүлде, V Республикалық  атадан мұра байқауында бас жүлде,Халықаралық «Шашу» фестивалінің лауреаты,  «Дубай-2018» өнер байқауына шақыру қағазын алды. Айданның мерейін үстем ету, бала көңіліне жылулық ұялату. Шығармашылығына  шабыт беру, қуаттау. 

Ұйымдастыру бөлімі    Айдан  мектепке  кіргенде балалар спорт кешенінде «жұлдыз  өрнегін» жасап , Айданды ортаға кіргізіп: «Айдан біз сені жақсы көреміз, сен мәңгі жұлдыз боп жарқырайды деп  сенеміз»  деп хорымен айтты.Айдан балаларға риза болып, өз тілегін жеткізді. 

Шығармашылық концерт  3 бөлімнен тұрды: 

І бөлім    «Күй құдыреті» 

ІІ бөлім     «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» 

ІІІ бөлім  «Әнім  менің жүрегімді жұбатар»-деп бала өз қалауымен бөлімдерді атады. Әр бөлім тақырыбына сай  ашылуына мектеп әкімшілігі өз үлесін қосты. Мектеп оқушылары қолдан жасалған сыйлықтарын тарту етті 

Балаға мейірім сыйлай білген мектеп психологы Алтаева Жібекке, Оспанова Гүлзияға  және мектеп әкімшілігіне   Айданның   асыраушы апасы мен атасы алғысын  жаудырды.