
№22 жалпы орта білім беретін мектебінің 1 сыныбында білім алушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін кеңейту мақсатында сынып сағаты өтті. Білім алушылар пайдалы, зиян тағамдар түрін ажырата отырып, дұрыс тамақтану ережелерін құрыстырды. "Тиімді тамақтану" бойынша өздерінің күнделікті тұтынатын түліктерін тамақтану пирамидасына жүйелі орналастыра білді. Сонымен қатар, дастархан басында сақталатын ырым- тыйымдармен бөлісті. Сынып жетекшісі: Төрежанова К.Д.