03
февраль
2022
Жас ұрпақтың саналы түрде мамандық таңдауға мүмкіндік жасайды
Кәсіптік бағдар беру арқылы қоғамға қажетті мамандықтарға қарай әрбір білім алушының қабілетін ескере отырып, болашақ мамандығын таңдауға ықпал ету. Жас ұрпақтың саналы түрде мамандық таңдауға мүмкіндік жасайды. Осыған орай ағымдағы жылдың 2-февральында N9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру тобымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге А. Кокаев, А. Сауранов, О. Мәркім, А. Абдельдинова, Д. Ізбасаров және Ж. Рахметов қатысты. Кездесу барысында оқушыларға колледж тарихын, материалдық базасы туралы және жеткен жетістіктері жайлы ақпарат беріп, оқытылатын мамандықтар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бейнероликтер көрсетілді.
