01
сентябрь
2022
Кәсіптік бағдар беруші педагог
Чимбатчаева Мөлдір Зарянқызы 13 сентябрь 1973 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келді. 1980 жылы №17 Трубицин атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 1990 жылы аяқтады. Сол жылы Алматы қаласында технологиялық университетіне оқуға түсіп, 1996 жылы "технолог" мамандығы бойынша диплом алды. 2003 жылы Меркі оқу өндірістік комбинатына, "Модельер-дизайнер" бөлімінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.
2007-2009 жылдары Тараз қаласында Қазақ түрік университетінде оқып, "педагог-психолог" қызметіне ауысты.
2010 жылдан бастап №22 орта мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылы 1 февральнан бастап технология пәнінің мұғалімі болып ауыстырылды.
Қазіргі таңда 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кәсіби бағдар беруші қызметіне тағайындалды.
Тұрмыс құрған. 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр