13
ноябрь
2025
Қасымова Сәуле Асанқызы
Қасымова Сәуле Асанқызы29.06.1974 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.
Білімі - арнаулы орта, 1994 жылы Мәскеу облысы, Орехово-Зуево индустриалды-педагогикалық колледжінің «оқу-өндіріс комбинат шебері» мамандығы бойынша бітірген.
Білімі –жоғары, 2004 жылы Қырғыз Республикасы И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік педагогикалық университетінің «биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 -2000 жылдары №18 Калинин атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2001 -2005 жылдары №44жалпы орта білім беретін мектебіне биология пәнінің мұғалімі, 2005 -2007 жылдары №35 жалпы орта білім беретін мектебіне биология пәнінің мұғалімі, 2007 -2017 жылдары №35 орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті.
* 03.03.2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін №35 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры лауазымын атқарды.