Ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы есебі
№22 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ комитетінің әлеуметтік еңбек қатынастарын дамыту жағдайы бойынша 2023-2024 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2024 жылдағы Ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы есебі.
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ.Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.
Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Осы қажеттілікті орындау мақсатында мектебімізде 1-11 сыныптар толық жаңартылған білім мазмұны бойынша дәріс алуда.
Қашанда ел бірлігі мызғымас беріктік пен бірліктен тұрады дейтін болсақ, міне осындай ауызбіршілік пен тұрақтылық осы біздің №22 жалпы орта білім беретін мектебінде өзіндік үлкен мәртебеге ие. Қазіргі таңда мектебімізде барлығы 69 кәсіподақ мүшелері жұмыс істейді. Оның ішінде 27 мұғалім, 23 кіші қызметкер, ал мектеп жанынан ашылған «Балбөбек» шағын орталығында 11 адам жұмыс істейді. 27 мұғалімнің барлығы жоғары білімді. Біліктілік санаты бойынша жалпы саны 22 мұғалім, оның ішінде жоғары санатты – 1 мұғалім,зерттеуші - 8 мұғалім, сарапшы -8 мұғалім, модератор – 4 мұғалім болса, санаты жоқ мұғалімдер – 6 мұғалім болып отыр.
Ұлы ұстаз А. Байтұрсынов «Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп атап өткендей оқушының алған білімін қолдана білу дағдысын дамытатын негізгі тұлға мұғалім. Сондықтан мұғалімнің кәсіби біліктілігіне баса назар аударылып отыр. Жыл бойында біліктілігін арттыру курстардан өткен педагогтер саны 22 мұғалімді құрады.
Балаға білім мен тәрбиені беруде ерен еңбек сіңіріп жүрген ұстаздарымызды ынталандыру үшін, жыл сайын көрсеткен көрсеткіштеріне қарай рейтинг шығарып отырамыз.
"Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында аудандық август кеңесінде өткен оқу жылының рейтинг нәтижесі бойынша "Лучший мектеп ауласы" номинациясы бойынша №22 жалпы орта білім беретін мектебі 150 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Сонымен қатар Ақылбаев Е. – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Абдрешова М. – музыка пәнінің мұғалімі, Батырбекова П. – ДТІЖО, Шабикова А. - бастауыш сынып мұғалімі, Нурмухамбетова Г. –орыс тілі пәні мұғалімі, Тоқтамұратов А. – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі , республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орынға ие болды және төсбелгімен марапатталды.
Мектеп өмірінде оқушыларды түрлі мазмұндағы олимпиадаларға қатыстыра отырып, жетістікке жетелейтін ұстаздардың да ерен еңбектерін атап кетуге болады.
Торежанова Кумис Дайрбековна Республикалық бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасында III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Айтқазиева Жанар УйсинбаевнаАудандық «Педагогикалық Идеялар Фестивалі» байқауына қатысып, II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жундибаева Салтанат Идрисовна Аудандық «Педагогикалық Идеялар Фестивалі» байқауына қатысып, IIIдәрежелі дипломмен марапатталды.
Сман Мадина БахытжанқызыАудандық «Педагогикалық Идеялар Фестивалі» байқауына қатысып, II дәрежелі диплом және «Шығармашыл педагог - 2023» Республикалық олимпиадаға қатысып, өзінің шеберлігін көрсеткен үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Байтемирова Айгерим Рахымбайкызы Аудандық «Педагогикалық Идеялар Фестивалі» байқауына қатысып, IIIдәрежелі диплом және «Шығармашыл педагог - 2023» Республикалық олимпиадаға қатысып, өзінің шеберлігін көрсеткен үшін III -дәрежелі дипломмен марапатталды.
Cаткунова Куралай Кайратовна Аудандық «Педагогикалық Идеялар Фестивалі» байқауына қатысып, IIIдәрежелі дипломмен марапатталды.
Контаева Әсел ЗиятқызыАудандық «Педагогикалық Идеялар Фестивалі» байқауына қатысып, IIIдәрежелі диплом және «Шығармашыл педагог - 2023» Республикалық олимпиадаға қатысып, өзінің шеберлігін көрсеткен үшін III -дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар, жыл сайынғы дәстүрлі республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде өткен оқу жылында 42 оқушы қатысып, оның ішінде 28 оқушы II, III жүлделі орындармен марапатталды.
Кәсіподақ ұйымының құрамы жеті адамнан тұрады.
1.Шомбаева С.- бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы
2.Төрежанова К. – ревизиялық комиссия
3. Шабикова А. –тексеру комиссиясы
4.Тілешбеков М.- еңбек қорғау және қауіпсіздік комиссиясы
5. Батырбекова П. – мәдени іс-шараға жауапты.
6. Нурмухамбетова Г. – мүшесі
7. Джиянбаева К. – мүшесі
Мектебімізде сабақ кестесі кәсіподақ ұйымымен бірлесіп жасалынған. Преподавателиге әдістемелік күн беру туралы шешім жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделген. Оқу жүктемесі нормативті заңдылықпен бекітіліген. Барлық мұғалімнің апталық оқу жүктемесі 1 ставкамен жұмыс істейді.