01
июнь
2022
1-июнь Халықаралық балаларды қорғау күнінің ашылуы.
№22жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2022 жылдың 1-июнь Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету,бір -бірін сыйлауға,адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу мақсатында " Жаз -2022" жоспарлы бағдарламасы аясында «Бақытты бала-бақытты ел» тақырыбында мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға ата-аналар, ұстаздар қатысып, өз тілектерін білдірді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы 2022жылдың Балалар жылы"деп жариялай отырып "Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы -мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі, өскелең ұрпаққа жол ашу барлық жағдайды жасау қажеттігін,атап өткендей бүгінгі
«Балалар жылымен» тұспа-тұс келген мерекеге балалар ерекше көңіл-күймен қатысты. Бірі мәнерлеп өлең оқып, бірі әндерді нақышына келтіре айтып көңілді балалар кеші болды.Сондай-ақ әр түрлі ұйымдастырылған "ӨНЕРЛІ БАЛАПАН "ән байқауы, "Бақытты балалық шақ"флешмобы,"Әрқашан күн сөнбесін!"атты асфальтқа сурет салу,"Көңілді жарыстар"спорттық ойындарына белсене қатысқан балалар мақтау грамоталарымен марапатталды.
Мерекелік іс-шара соңында демеушілер тарапынан балаларға Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі С.Бабижанов мырза және Екпінді ауылы тұрғыны жеке кәсіпкер Е.Абдразахов тарапынан тәттілер мен балмұздақтар таратылып, балалар өте әсерлі көңіл-күймен тарасты.
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін-деп 1 июнь Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! ДТІЖО:П.Е.Батырбекова