Әдістемелік семинар » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » Әдістемелік семинар
17
апрель
2021

Әдістемелік семинар




«Ізденіс. Тәжірибе. Бөліс.» 

тақырыбында әдістемелік семинар болып өтті.

2021 жылдың апрель айының 17-ші жұлдызында әдістемелік семинар өтті .


Мақсаты:         Педагогтердің жаңаша ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Критерийлер: Сапалы, жан-жақты ой елегінен өткізілген тәжірибені    ұсыну;

                 Грамматикалық қателіктерге жол бермеу; 

                Айтар ойын анық, нақты, дәлелді түрде жеткізе білу.


Нәтижесі:          Педагогтер өзара тәжірибе алмасады.

                            Өзіндік пікірлері қалыптасады.

                           Тәжірибеде пайдалануға мүмкіндік туады.  

Математика пәнінің мұғалімі А.Джарылқапова «TIMSS тапсырмалары арқылы оқушылардың  математикалық сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы  баяндамасында оқушылардың сабақ барысында көрсеткен тапсырмалар тізбегін, әдіс-тәсілдерді жіті баяндап берді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А. Бакеева «Ағылшын мәдениеті арқылы тілді оқыту» тақырыбындағы авторлық бағдарламаның жазылу стильімен таныстырып, оқушыны қалай ағылшын тілін үйренуде алға жетелеуге болады, ағылшын мәдениетінің ерекшелігі толыққанды жан-жақты айтылды.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  А.Тоқтамуратов пен В. Нурлыбаева  «Эссе жазудың ерекшелігі неде?» тақырыбында коучинг көрсетті.  Коучинг барысында мұғалімдер топқа бөлініп, эссе жазудың алғышарттары, ерекшелігі, сипаттамасы  толық түсіндірілді. Семинар соңында пікірлер айтылып, кері байланыс  берілді. 



ДОТЖО:    Султанбекова М. О.