18
сентябрь
2020
Батырбекова Перуза Елубайқызы

Мен Батырбекова Перуза Елубайқызы. Туған жерім Татты ауылы. Оқыған жерім №13 М.Мәметова атындағы отра мектеп. ЖОО ТАРМПИ. Біз жанұяда 7 ағайынбыз, 3 ұл, 4 қыз бала. Әкем Елубай жоғары білімді мұғалім, ал анам аспазшы. Ал қазір екеуі де зейнеткер. Екі ағамның бірі инженер, бірі Тараз қаласында өрт сөндіруші болып жұмыс атқарады. Інім Тәтті округына әкім, ал сіңілім директродың оқу ісі қызметін атқарушы болып жұмыс атқарады.
Мен өзімнің алғаш еңбек жолымды 1996 ж. Шу қаласында Төле би ауылындағы С.Шәкіров атындағы мектеп интернат тәрбиеші болып жұмысқа қабылдандым. Бұл жердет 1 жыл жұмыс істедім. Содан 1997ж. Тостаған ауылына тұрмысқа шықтым. Сол аудандағы №14 М.Жылысбаев атындағы орта мектепке еңбек пәнінің мұғалімі болып орналастым. Содан 2003 жылы Екпінді ауылындағы «Екпінді» бастауыш мектебіне бастауыш сынып мұғалім жұмысқа қабылдандым. 2002 жылы Тараз қаласына Тараз мемлекеттік педогикалық универсиетіне түсіп, 2005 жылы аяқтадым . Қазіргі осы аталған Екпінді ауылында №22 орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істеймін.
Ал енді өзімнің отбасыма келетін болсам, күйеуім Абдыхайым Бейсен жеке кәсіпорынды жүргізуші. Қыздарым: Мақтабай Аяулым, Мақтабай Айым, Мақтабай Ұлдана, Ұлым: Мақтабай Нұрдәулет.
Ұл-қыздарым №20 Т.Рысқұлов орта мектебінде білім алуда және екеуіде оқу озаттары. Үлкен қызым тұрыста, Астана қаласында жеке кәсіпкер. Ортаншы қызым Алматы қаласында Ұлттық медициналық университетінде 3-курс білім алушысы.