15
февраль
2022
"Құқықтық тәрбие -құқық бұзушылықтың алдын алу"айлығы.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022жылдың февраль айының17-күні "Құқықтық тәрбие -құқық бұзушылықтың алдын алу"айлық іс-шара жоспары аясында 1- сынып білім алушылар арасында "Баланың қандай құқықтары бар?"тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты:оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру,жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022жылдың февраль айының 16-күні "Құқықтық тәрбие- құқықбұзушылықтың алдын алу "айлық жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы орайда 2-3сынып білімалушыларымен сынып жетекшілер "Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары"тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты: құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін білімалушыларға түсіндіру,құқықтық сауаттылық пен салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Тәрбие сағатта қатысқан балалардың барлығы өздерінің дарындылығы мен шығармашылықтарын көрсете білді. Қорыта келгенде адам ұрпағымен ұлы,еңбегімен ерен,келешегімен кемел болса,мұның мөлдір бастауы,алтын тамыры-тәлім тәрбие ісінде жатыр. ДТЖО:П.Е.Батырбекова
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың февраль айында "Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын-алу "айлық іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-7сынып білім алушыларымен "Кибербуллингке қарсымыз"тақырыбында ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.Қазіргі таңда жыл өткен сайын ғаламтор қолданатын балалардың саны артып келеді. Бұл, әрине, алаңдатпай қоймайды. Бізде бір кездері халықты интернетті қолдануға үйретті ғой, дәл сол сияқты балаларды интернеттен қорғануға үйрету керек. Оның барлығы ұлттық бағдарламада жазылуы тиіс. Негізінен баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне ата-ана жауапты болуы қажет. Мектептің басты міндеті оқытып, білім беру. Қазір мектепте болып жатқан бұзақылықтың барлығы ғаламтордың әсерінен. Балалар интернетте көргенін өмірде қайталайды. Сондықтан, олардың тәрбиесіне ден қою керек.Сондай-ақ тәрбие сабағында балаларға бейне роликтер көрсетіліп,балалар өз ойларын ортаға салып, кибербуллингке өз қарсылықтарын білдірді.Бала ата-ананың қолындағы аманаты.Бала тәрбиесіне бей-жай қарамай қоғам болып атсалысуымыз керек. ДТІЖО П.Е.Батырбекова
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022жылдың февраль айында "Құқықтық тәрбие- құқық бұзушылықтың алдын алу "айлық жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы жоспар аясында 6-сынып білімалушыларымен "Отбасындағы тәрбие саналы ұрпақ кепілі"тақырыбында акция ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты:білім алушыларға адамгершілік бауырмалдық,татулық, қайырымдылық, әдептілік қасиеттерін ұғындыру,отбасылық жанұяда берілетін тәрбиенің ерекшеліктерін насихаттау.
Сынып жетекшілер мен құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары “Құқық және жасөспірім ” тақырыбында санитарлық талаптарды сақтай отыра ұйымдастырылып өткізілді.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында сақтық ережелерін сақтай отыра 8-11сынып білімалушыларымен мектеп инспекторы Е.А.Тупеков "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу"тақырыбында дәріс оқып, заңның талаптарына сәйкес жасөспірімдердің арасында қылмыстың алдын алу және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 442 бабының 1-2 бөлімі туралы да түсіндіру жұмыстарын,сондай-ақ білімалушыларға тәртіпсіздік,беймезгіл уақытта ата-ананың қарауынсыз көшеде жүрмеу керектігі мен бопсалау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова әртүрлі келеңсіз оқиғалар мен кикілжіңдер орын алған жағдайда бірінші мектеп инспекторына,мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілеріне хабар беру керектігі мен құқықтары мен міндеттерімен де таныстырып өтті.
1-4 сынып білім алушылар арасында "Мен және менің полицейім" атты сурет байқауы