КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН! » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН!
30
август
2022

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН!

#22 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлының құттықтауы!!!Құрметті жерлестер, әріптестер, 22 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы!!!
Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!