17
май
2022
"Хиуаз Доспанова:өмір жолы мен ерлігі" тақырыбында бірыңғай ашық сабақтар.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың май айында Хиуаз Доспанованың 100 жылдық мерей тойы шеңберінде- іс-шаралар жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы жоспар аясында 1-6 -сыныптар арасында "Хиуаз Доспанова:өмір жолы мен ерлігі" тақырыбында бірыңғай ашық сабақтары ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: сұрапыл соғыс жылдары ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған қаракөз қазақ қыздарының батылдығына, батырлығына бас ие отырып, батырлардың ерлікке толы өмірі үлгісінде тәрбиелеу;оқушыларды Ұлы Отан соғысында от кешкен қаһарман жауынгерлердің теңдессіз де жанқиярлық ерліктерін әрқашан ардақтауға, өшпес рухтарына тағзым етіп, оларды мәңгілік есте сақтауға, патриотизмге тәрбиелеу; қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл - қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі, қазақтың тұңғыш әйел - ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы - Хиуаз Доспанова туралы кеңінен таныстыру көзделді.
Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Фашистік Германияның тарапынан басталған бұл соғыс 1941 жылы 22 июньда басталды. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 майда соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 77жыл мерзім уақытта зымырап өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 77 жылдығы.
Соғыс жылдарының шежіресіне назар аударсақ, қазақ қыздарының ерлігі қайран қалдырады. Оларды майданның әр тұсынан, әскери құрамалардың әр түрінен кездестіруге болатын. Қазақ қызынан ұшқыш та, танкист те, барлаушы да, партизан да шықты. Сонау етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен шатқалаң кезеңде азамат жүгін арқалап, мыңдаған қазақ қыз - келіншектері уақыт тезінен, тарих талқысынан сүрінбей өтті. Олар, аяғына солдаттың керзі етігін киіп Мәскеуден Берлинге дейін шеру тартты. Рейхстагта желбіреген Қызыл Туда да қазақ әйелінің өз үлесі, даңқты жолы бар екендігін ұғынып,,бейнесюжеттер көрсетілді.ДТІЖО: П.Е.Батырбекова


