03
март
2022
"Мектеп оқушылары музей төрінде" тақырыбында Меркі аудандық мұражайына саяхат.
№22жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылы сынып жетекшілер А.Р.Байтемирова , А.Е.Тоқтамұратов 5"а",5"ә"-сынып білім алушыларымен "Мектеп оқушылары музей төрінде" тақырыбында Меркі аудандық мұражайына саяхат ұйымдастырылды.Білім алушылардың тарих сабағына деген қызығушылықтарын арттыру,елге, жеріне деген құрмет сезімдерін ояту көзделді.Білім алушылар мұражайда орналасқан құнды жәдігерлер мен тарихи тұлғалар, еңбек ардагерлері, ұлт азаттық көтеріліс тағы басқа тың деректерден мағлұмат алып,өз қызығушылықтарын білдірді.
Сондай-ақ қазақ халқының құнды әшекейлері,ұлттық киім-кешектері,атақты тұлғалары,тарихи деректер мен танысып,жақсы әсерлерімен бөлісіп,қайтты.
ДТІЖО: П.Е.Батырбекова