18
февраль
2022
Күндізгі және түнгі рейд
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың февраль айының 18-күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру, балалардың қараусыз қадағалаусыз қалуының алдын алу ,сабақ уақытында мешітке бармауын қадағалау мақсатында аймақтық мөлтек ауданына күндізгі рейд әр айдың аптасында кестеге сай әкімшілік қадағалауымен уақытымен жүйелі жүргізілуде.
Директордың құқықтық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың февраль айының 18-күні "Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын ала туралы" Заңның талаптарына сәйкес жасөспірімдердің арасында қылмыстың алдын алу және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 442 бабының 1-2бөлімінің орындалуы бойынша түнгі уақытта 22.00-6.00 аралығында заңды өкілдерінсіз түнгі мезгілде қоғамдық орындарда, түнгі клубтарда, кафе ,ойын сауық орталықтарында жүруін алдын алу үшін күндізгі және түнгі рейд жүргізілді. Сондай-ақ кешкі жұмыс орындарында кәмелетке толмаған оқушылардың кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүруін қадағалау басты назарда ұстау. Рейд барысында беймезгіл уақытта көшеде оқушылар болған жоқ.Құқық бұзушылықтың фактілері анықталған жоқ.