31
декабрь
2025
Жаңа жыл қарсаңындағы жартыжылдық қорытындысы
https://www.instagram.com/reel/DS5nG4WDFN2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жаңа жыл қарсаңындағы жартыжылдық қорытындысы
Бүгін №22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығын қорытындылауға арналған жиын өтті.
Жиын барысында білім саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, облыстық авторлық бағдарламалар, педагогикалық идеялар фестивалі, аудандық пәндік олимпиадалар мен республикалық деңгейдегі байқауларда жүлдегер атанған мұғалімдерді мектеп директоры
С. А.Қасымова жеке марапаттады.
Сонымен қатар кәсіподақ ұйымы тарапынан өз міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқарып жүрген кіші қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Жартыжылдық қорытынды жиында білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы жұмыстарға байланысты нақты міндеттер айқындалды. Мектеп ұжымына алдағы кезеңде табысты еңбек етіп, жаңа жетістіктерге жету тілектері білдірілді.
Жиын соңында жаңа жыл қарсаңында ізгі тілектер мен ақ баталар айтылып, басқосу жылы әрі мазмұнды түрде қорытындыланып,ұжым шырша жанында естелік фотоға түсті.