«Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері». » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » «Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері».
24
ноябрь
2025

«Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері».

https://www.instagram.com/reel/DReh101CDMP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
2025 жылдың 24 ноябрьсында 22 жалпы орта білім беретін мектептің 4-сынып оқушыларымен қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері».
Сабақтың мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде өздерін сабырлы ұстауға, шұғыл қызметтерге дұрыс әрі нақты хабарласа білуге үйрету. Оқушылар төмендегі жедел қызмет нөмірлерімен танысты:
- *101* – өрт сөндіру қызметі
- *102* – полиция
- *103* – жедел жәрдем
- *104* – газ қызметі

Сонымен қатар, жедел қызметке хабарласу барысында қолданылатын *байланыс скриптері* үлгісі көрсетілді. Оқушылар аты-жөнін, оқиға орнының мекенжайын, болған жағдайды нақты жеткізу және байланыс нөмірін қалдыру керектігін меңгерді.

Сабақ рөлдік ойындармен, жағдаяттық тапсырмалармен жалғасып, оқушылар белсенділік танытты. Тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сай түсінікті және тәжірибеге бағытталған түрде жеткізілді.