06
август
2025
АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ
АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУҚұрметті ата-аналар!Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүру фактілерінің жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді.Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың
27-29 июль күндері аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейді шеңберінде 8 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда:
- 705ата-ана бала тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды;
- 176 ұсақ бұзақылық тіркелді;
- түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және көшеде болуына жол бергені үшін 6,8 мың ата-ана мен 170 кәсіпкерге шара қолданылды.
Бұл фактілер балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін еді. Осыған байланысты полиция органдары тарапынан олардың алдын алуға бағытталған шаралар қабылданды.
Ата-аналар мен кәмелетке толмағандардыңзаңды өкілдеріне үндеу тастаймыз: балалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің артуына байланысты, олардыңқайда жүргенін бақылауға алып, жеке қадағалауды күшейтулеріңізді сұраймыз.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің ілесуінсіз көшеде жүруіне тыйым салынады. Бұл талаптың бұзылуы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады және кейбір жағдайларда орны толмас қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін – баланың да, отбасының да тағдырына әсер етуі ықтимал.
Кешкі және түнгі уақытта көшеде жүрген балалар, әсіресе теріс пиғылды ортаның ықпалына түссе, мынадай қатерлерге тап болуы мүмкін: құқық бұзушылық, бейәлеуметтік топтарға тартылу, қайғылы оқиғалар және зорлық-зомбылық.
Сіздерден өтініш:
• балаңыздың қайда және кіммен жүргенін күнделікті біліп отырыңыздар;