“21 НАУРЫЗ ЫНТЫМАҚ” КҮНІ » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » “21 НАУРЫЗ ЫНТЫМАҚ” КҮНІ
21
март
2025

“21 НАУРЫЗ ЫНТЫМАҚ” КҮНІ

“21 НАУРЫЗ ЫНТЫМАҚ” КҮНІ

«Біртұтас Тәрбие» бағдарламасы аясында 2025 жылдың 14-23 март аралығында «Мартнама» онкүндік жоспарына сәйкес, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, түрлі этностар мен мәдениеттер арасындағы өзара сыйластықты арттыру мақсатында 21 март «Ынтымақ күні»-не орай «Март-береке мен бірліктің бастауы» тақырыбында “Даналық мектебі” әжелерінің қатысуымен март мерекесіне орай іс-шара өтілді.

Мерекелік іс-шара барысында әндер шырқалып, әдемі билер орындалды. Әндер март бен бірлік тақырыбында болды, бұл көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Би қойылымдары да түрлі салт-дәстүр көрсетіліп,мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.

Сонымен қатар, апайларымыз арнайы көрініс дайындады. Бұл көріністе халықтың ынтымағы мен достығын көрсететін оқиға сахналанды. Көрініс арқылы татулықтың маңызы, адамдар арасындағы сыйластықтың құндылығы көрініс тапты.

Осылайша, Ынтымақ күніне арналған мерекелік бағдарлама барша көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық пен бірліктің маңызын айқындай түсті.