10
февраль
2025
«Өзіңе де, өзгеге де қуаныш сыйлайтын еңбек» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 6 сынып білім алушыларымен «Өзіңе де, өзгеге де қуаныш сыйлайтын еңбек» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты :қоғамда еңбек адамына деген құрметті арттыру, адал еңбекті үлгі ету. Сабақтың барысында еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңыздылығын түсіндіру болды. Еңбек адамы туралы әр білім алушы өзінің ойларын айтып, еңбектің маңыздылығын айтып өтті. Топтарға бөлініп 1 топ «Еңбек адамы – ел мақтанышы», 2 топ «Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды» тақырыптарында постер қорғады және «Адал және сатылмайтын еңбек» атты бейне баян көрсетілді.
