"БАБАЛАР ТАРИХЫ-ҰРПАҚҚА ҮЛГІ" » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » "БАБАЛАР ТАРИХЫ-ҰРПАҚҚА ҮЛГІ"
29
октябрь
2024

"БАБАЛАР ТАРИХЫ-ҰРПАҚҚА ҮЛГІ"

"БАБАЛАР ТАРИХЫ-ҰРПАҚҚА ҮЛГІ"
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024 жылында "Даналық мектебі" клубы іс-шаралар жоспары аясында "Біртұтас тәрбие"бағдарламасы 25-Октябрь Республика күні қарасаңында Жамбыл облысы 85 жылдық мерей тойы шеңберінде «Бабалар тарихы-ұрпаққа
үлгі!»тақырыбында жас буын өкілдеріне тәрбиелік-
танымдық сырласу кеші ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақты ата –баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету, айтқаны асыл екенін әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.
Кездесу кеші басында
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп
Тыңдаймын тыным алмай, жанып –күйіп
Өмірдің сырын ашып жүргеніме
Музаның әміріне басымды иіп
Алайық ескі күйдің бәрін жиып
Жандырған ой-қиялды қолың күйіп
Шерттіріп құнарлық домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық – деп, "Үкілі домбыра"үйірме шәкірттерінің күмбірлеген "Кеңес"күйі мен басталды.
Сырласу кездесу кешінің қонағы ауданымыздың мақтанышы , Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі , халық ақыны, Меркі ауданының құрметті азаматы, "Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі", "Құрмет" ордені иегері,Қазақстан Республикасының ақыны бірнеше облыстық,республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлдегер атанған ,"Ерен еңбегі үшін "медалімен марапатталған,"Жыл құстары","Гәкку"',"Назерке",Нәзік нақыш",Арман гүлі,"Әулие бабам-Сыпатай","Фатима", "Бақыт", "Шапағат нұры" атты кітаптардың авторы Мамасерікова Шырынкүл Бөкейқызы, Сарымолдаев ауылдық округінің әжелері Меркі ауданынының мәдениет үйінің жанынан құрылған, құрылғанына 15 жыл толған, 70- 80 жастағы "Берекелі әжелер" тобы және Сарымолдаев ауылдық округінің әкімінің орынбасары Қапалбаев Айбек болды.Алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Б.Т.Бектурганов өз жылы лебізін білдіріп өтті.
Кешегі қазақтың кемеңгер, ғажайып ұлы тұлғалары, өлеңнің хас шеберлерінің ізін жалғаған Шырын апайымыз елімізді, жерімізді мөлдір судай сылдырап аққан сырға толы жырларымен сусындатып келеді.
Қаламнан қуатты қару жоқ. Әлемді билейтін- сөз, сөзді билейтін - ақын» деген екен. «Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады»


сілтеме:
https://www.instagram.com/p/DBtdhLesUGV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==