12
март
2024
«Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кеші.
«Ауғанның асуында от кешкендер»
№22ЖОББМ 2024 жылдың 12февраль-12 март аралығында өтетін "Құндылықтарға бағытталған тәрбие іс шаралар жоспары аясында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты Ауған соғысының ардагерлерімен (Тарихқа құрмет проект ) аясында кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Өскелең ұрпаққа ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Школьникам отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Іс – шараға Ауған соғысы Шолпанқұлов Ержан, Зеткулов Есболат мырзалар қатысып, тақырып аясында әскери патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік туралы әңгімелер қозғады. Ардагерлер ауған соғысына Меркі ауданынан 110 ер – азамат қатысып, оның бесеуі қайтыс болғаны туралы деректер айтты. Талайдың тағдырын тәлкекке салған Ауған соғысы он жылға созылды. Қаншама жас қыршыннан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың міндеті Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын – деді ардагер. ДТІЖО П.Е.Батырбекова іс – шара барысын қорытындылап, қонақтарға іс – шараға атсалысқандары үшін алғыс білдірді. Ауғандағы азап шеккен арыстар, - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі оравгустда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.