"Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу" айлығы
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ҚҰҚЫҚ АЙЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНЫҢ ӨТІЛУІ ТУРАЛЫ
АНЫҚТАМА
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024 жылдың февраль айының 5-күні "Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу"айлық іс-шара жоспары құрылып,өз кезегінде атқарылуда. Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда бүгін «Құқықтық тәрбие – құқық бұзушылықтың алдын алу» атты құқық айлығының ашылу салтанаты болып өтті. Жиналыс барысында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова П.Е алғы сөзге шығып, «Құқық, құқықтық тәрбие» ұғымына анықтама беріп, оқушыларды құқықтары және міндеттерімен таныстырды. АӘД пәнінің мұғалімі А.Мәуленбеков оқушыларды қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мəселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамда пайдалы іспен шұғылдануын тілге тиек етіп, құқық айлығының барысында атқарылатын іс-шаралармен таныстырып, белсенді қатысуға шақырды.Сондай-ақ "Құқық бұзушылықтың алдын алу","Қылмыс","Ұрлық түбі қорлық "тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өзара пікір алмасып,сұрақтарға жауаптар алынды.
Сілтеме:
https://www.instagram.com/p/C2-QwJksmss/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Анықтама
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024жылдың февраль айының 5-күні ДТІЖО П.Е.Батырбекова ,әлеуметтік педагог 1-11 сынып жетекшілерінің қатысуымен жиналыс ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыста "Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу"айлық іс-шара жоспары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, ұрлық,бопсалау,бала қауіпсіздігі, күндізгі және түнгі рейд туралы,сондай-ақ жасөспірімдер арасында электронды темекі қолдану туралы орын алып жатқан оқиғаларды ескере отырып, оқушыларға, ата- аналарға ақпарат беру, алдын-алу жұмысын жүргізу сынып жетекшілерге таныстырылды. Жоғарыда көрсетілген жұмыстар мен атқарылған іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын-алу үшін құқықтық насихат жұмыстарын күшейту, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру біздің басты міндетіміз деп қорытындылады.
ДТІЖО П.Е.Батырбекова
Сілтеме:
https://www.instagram.com/p/C2-RgAkspZ9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Анықтама
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу"айлық іс-шара жоспары құрылып,өз кезегінде атқарылуда. Осы орайда ағымдағы 2024 жылдың февраль айының 7-күні 7-8 сыныптар арасында «Құқық бұзушылық және заңдылық» тақырыбында кездесу өтті.Мақсаты:”Құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері болып табылады. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі болады.”оқушылар арасында ашық пікір талас орын алып құқықтық шаралармен таныстырылды.
Сілтеме:
https://www.instagram.com/p/C3C1uU9sZtc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Құқықтық тәрбие – құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесуінің өтілуі туралы
Анықтама
Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық айлығы аясында ағымдағы 2024 жылдың февраль айының 12 күні АПБ бастығының орынбасары полиция майоры М. Б.Қуанышбеков, ОКП полиция лейтенанты А.Мәшірханов, УИП полиция майоры А.Исахметов, ЖПҚБ ЮПТ полиция лейтенанты А.Маңызқызының қатысуымен «Құқықтық тәрбие – құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында "Құқық бұзушылықтың алдын алу", "Жолда жүру ережелері" және "Буллинг және Кибербуллинг" тақырыптарында 8-11 сынып білім алушыларына профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сілтеме:
https://www.instagram.com/p/C3SdjhdsDxk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Анықтама
№22 Жалпы орта білім беретін мектебінде"Құқықтық тәрбие құқық бұзушылықтың алдын-алу "айлық жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы жоспар аясында ағымдағы 2024жылдың февраль айының 7-күні 6-сынып оқушылармен " Тұлғаны қалыптастырдың маңыздыфакторы-құқықтық тәрбие" тақырыбында тәрбие сабақтары ұйымдастырылып өткізілді.
МАҚСАТЫ: Өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру, құқық бұзушылықтың алдын алу іс –әрекеттері туралы айту. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру және еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру болды.
Біз болашақ ұрпақтың сауатты, өз құқығына берік және көзі ашық азаматтар тәрбиелеу көзделді.
ДТІЖО П.Е.Батырбекова
Сілтеме:
https://www.instagram.com/p/C3F8ox5METJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
сілтеме:
https://www.instagram.com/p/C3h1-5eMlCS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==


№22 жалпы орта білім беретін мекктебінде ағымдағы 2024жылдың февраль айында «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы құрылып өз кезегінде атқарылуда. Осы жоспар аясында «Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі», «Отбасындағы тәрбие саналы ұрпақ кепілі атты» 1- 11 сыныптар ата-аналар арасында жиналыс өтті.
Жиналыс жаңа форматта өткендіктен ата-аналар қызығушылығын арттыруда біршама жұмыс жасалды. Мектеп диреторы Е.Сейдалиев және ДТІЖО П.Батырбекова алғы сөз алып, құқық бұзушылықтың алдын алудың алғы шарттарымен таныстырды. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша А.Шабикова баяндаманы слайд арқылы көрсетіп, сұрақтарға жауап берсе басқа мұғалімдер «Буллингті болдырмау », «Кибербуллинтің балаға әсері» атты бейнероликті көріп ата-аналардың ойын толықтырып, қызықты пікірталас болды.Мектептің әлеуметтік педагогы Г.Оспанова стрестен шығудың әлеуметтік- психологиялық әрекеттеріне «Айна» мотивацяисы, «Оркестр» жаттығуларын жүргізді. Жиналыс соңында «Ағаштың гүлденуі» атты кері байланысы болды.Ата аналарға жаңа форматтағы ата аналар жиналысының барысы ұнағандығы рефлекция арқылы және жарқын жүздерінен анық байқалды.


№22жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы2024 жылдың февраль айында"Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу" айлығының іс- шара жоспарына сәйкес "Қатыгездіксіз балалық шақ" атты 5 -11 сынып білім алушылары арасында эссе байқауы өткізілді. Мақсаты: Школьникам зорлық-зомбылық туралы мағұлмат беру, адам жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенің айту. Осы іс-шара аясында 5-12 сынып білімалушылары арасында эссе байқауы өтті.Соның нәтижесінде 1- орынды 9- сынып білім алушысы Сабыр Данагүл иеленді.


№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024жылдың февраль айында «Құқықтық тәрбие - құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығында іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тұлғаны қалыптастырудың манызды факторы-құқықтық тәрбие» тақырыбындағы тәрбие сағаты 1-сынып білімалушылары арасында өткізілді. Тәрбие сағатын сынып жетекшісі Шабикова А.Ж. жүргізді. Тәрбие сағатына түгел оқушылар қатысты. Тәрбие сағатының мақсаты: 1.Школьникам тұлғаны қалыптастырудың манызды факторы - құқықтық тәрбие белгілерін түсіндіре отырып, құқықтық тәрбие мақсаты мен қажеттілігін, құру жолдарын ашып көрсету. 2.Заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға
тәрбиелеу. 3.Окушы бойына жауапкершілік принципін калыптастыру.
Мұғалім: Казакстан Республикасы мемлекеттік теуелсіздігін алганнан кейін өзінің даму стратегиясындагы басты нысаналарынын бірі ретінде құқықтық мемлекет құру бағытын жарилады. Құқықтық мемлекет ұзак тарихи даму үдерісінде калыптасады. Сондыктан Казакстан Республикасынын Конституциясында: «Еліміз құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолына түсті» деп жазылған. Құқықтың ең басты және айқын белгісі - заң берінен де жоғары тұрып, қоғамдык әмірде үстемдік етеді. Қоғамдық әмірдін барлык манызды жақтары заң шығарушы билік органы осыған ынғайлап құрылады. Құқықтың тағы бір манызды ұстанымы - барлық мемлекеттік органдарга, лауазымды тұлғаларға заң талаптарынын орындалуын міндеттеуі екендігін айтып түсіндірді. Тәрбие сағатын қорытындылай келе, мұғалім окушыларга Б.Момышулы аавгуст «Азамат жолы-ар жолы» деп айткандай, ешкімнін ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай, тәуелсіз еліміздін арқа сүйер айбынды, ақылды ул-кызы болып өсейік!-дей отыр
ып, тәрбие сағатын аяқтады.


№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024 жылдың февраль айының 25-күні "Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу"айлық іс-шара жоспары аясында директордың құқықтық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Батырбекова Перуза Елубайқызының "Меркі Ақиқат "аудандық қоғамдық-әлеуметтік газетіне" Құқықтық сауаттылық-заман талабы"тақырыбында мақаласы жарық көрді. Осы орайда
— Балаға ең алдымен өзінің отбасы тәрбие береді. Егер отбасында баланың рухани дамуына, жетілуіне көңіл бөлінбесе, онда ол бала ертең бас ауруымызға айналуы мүмкін. Дұрыс тәрбие көрмеген ұл-қыз тек ата-анасының ғана емес, бүкіл қоғамның, елдің, тіпті адамзаттың ең үлкен проблемасына айналуы әбден ықтимал. Ата-аналардың білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста болуы да аса маңызды.
Кешегі ата-бабамыз бұзақы жастарды көргенде, ең алдымен «Бұл баланың ата-анасы қайда, неге баласына дұрыс қарамайды?» деп, себебін әке-шешеден іздейтін. Осыған көп көңіл бөлуіміз керек.
