2023-2024 оқу жылына 1 - сыныпқа қабылдау 1 апрельден басталады » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » 2023-2024 оқу жылына 1 - сыныпқа қабылдау 1 апрельден басталады
29
март
2023

2023-2024 оқу жылына 1 - сыныпқа қабылдау 1 апрельден басталады

🔰1 СӘУІРДЕН БАСТАП БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 2023 жылдың  1 апрельінде басталып, 1 августға дейін жалғасады.
2023 жылдың 1 апрельінен бастап аудан мектептерінде  2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі басталады. Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. 
Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады. 
📌Құжаттарды қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылады. 
1) "электрондық үкімет" веб-порталы egov.kz;
2)қағаз түрінде 
📌Қажетті құжаттар: 
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің  өтініші;
2) жеке басын растайтын құжаттың түпслабовидящих (түпслабовидящих сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
3) "Баланың денсаулығы паспорты" № 026/у есеп нысаны және 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама;
4) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi (2дана)
Өтініш бір жұмыс күні ішінде және 15минутта қарастырылады. Өтініш мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.