26
август
2025
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің №1 отырысы жоспарға сәйкес өткізілді.
26.08.2025 жылы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің №1 отырысы жоспарға сәйкес өткізілді. Күн тәртібінде: "2024-2025 оқу жылының әдістемелік бірлестік жұмысының қорытындысы", "2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру", " 2025-2026 оқу жылына бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жоспарын талдау, бекітуге ұсыну" тақырыптары бірлестік мүшелері арасында таныстырылып, талқыланды. Отырыс барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында бағытталған жаңа әдіс –тәсілдер қарастырылды. Сабақта жасанды интеллект платформаларын тиімді қолдануды басты назарға алу.Бірлестік жетекшісі: Шабикова А.Ж.