
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде жаратылыстану - математикалық пәндер бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 4 март күні биология пәнінің мұғалімі Байсалова Құралай 6 "А" сынып білім алушыларымен "Жасушаның құрылысы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта үй жұмысы Wordwall платформасы арқылы тексерілді. Шатасқан әріптер арқылы сабақтың тақырыбы ашылып "Жасуша", "Микроскоп" болып 2 топқа бөлінді. Жеке тапсырма "жұмыртқа лақтыру" әдісі, жұптық тапсырма "сурет құрастыру әдісі", топтық тапсырма "пазл" әдісі арқылы орындалды. Әр кезеңде оқушылар "лайк" жинап бағаланып отырды. Сабақты "Quiziz" тест арқылы қорытындылады. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынып, үй тапсырмасы берілді. Сабақ мақсатына жетті.