
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес жас мамандарға "Озат тәжірибелі ұстаздар-жас маманға" атты әдістемелік көмек көрсете отырып,тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Ашық есікке №22 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Оспанова Гулзия Бахтыбайқызы 6ә сынып оқушыларымен "Тоқыма материалдарынан бұйым жасау" тақырыбында ашық сабақ көрсетілді. Сабақ барысында "Миға шабуыл", "Мюнстерберг","Кино журнал", "Үйлесімділікті тап " тиімді әдістерді пайдаланып, оқушылардың пәнге деген белсенділіктерімен, шығармашылық қабілеттерін ұштастыра отырып, кері байланысты "Tик-ток" әдісі арқылы алып,оқушылардың сабақ барысында жоғары деңгейлі білім алғандығын көрсетті.