19
февраль
2024
"Жаратылыстану әлемінде, қызықтың бәрі бізде!" тақырыбында айлықтың ашылуы
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылындағы мектепішілік бақылау жоспарына және 03.01.2024 жылғы №3 бұйрығына сәйкес 15 февраль мен 15 март аралығында жаратылыстану- математикалық пәндер бірлестігінің айлығы жоспарланды. Жоспарға сәйкес 19 февраль күні "Жаратылыстану әлемінде, қызықтың бәрі бізде!" тақырыбында айлықтың ашылуы сайыс түрінде өтті.Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, ұйымшылдық пен достыққа тәрбиелеу, оқушылардың жаратылыстану-математика пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Салтанатты кешке 7-11 сынып оқушылары қатысты. Сайыста математика, химия, биология, физика, география, информатика пәндерінің барлық қыр сырлары айтылды және қызықты өтті. Сайыста жеңімпаз анықталып, сыйлықтармен марапталды
Жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі А.А.Джарылкапова