КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ! » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!
01
март
2023

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Общеобразовательная школа №22» №22 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан ашылған «Балбөбек» шағын орталығы бос тұрған Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округіндегі Т.Рысқұлов №214А мекен - жайында орналасқан Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №22» «Балбөбек»  шағын орталығы тәрбиеші лауазымына (негізгі қызметкер жұмысқа шыққанша) ашық конкурс жариялайды.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Жоғары арнайы – мектепке дейінгі білімі туралы диплом;
  2. Мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес;
  3. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бірінші, екінші, жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог – модератор», «педагог - сарапшы», «педагог- зерттеуші», «педагог - шебер» санатының болуы);
  4. Біліктілік арттыру сертификаттарының болуы;
  5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқу бағдарламасын терең меңгерген;
  6. Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүйелі ұйымдастыра алатын;
  7. Инновациялық педагогикалық тәжірбиені анықтауды, зерттеуді таратуды, және енгізуді қамтамасыз ете алатын;
  8. Оқу – педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастыра алатын, есепке алу және есеп беру құжаттамасын сауатты рәсімдей білетін;

Білуге міндетті: 

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс  - қимыл туралы» заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де, нормативтік – құқықтық актілерін;
  • Дидактика принциптері, педагогика, психология негіздері, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін;
  • Педагогикалық этиканың нормаларын;
  • Еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормаларын;
  • Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін;

Лауазымдық айлық ақы мөлшері 100 000 – 150 000 теңге;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Осы қағидаларға 5 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);


Үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініштерін жергілікті басылымдарға хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде мекеменің жанынан құрылған конкурстық комиссияға қабылдау кабинетте сағат 09:00 – 17:30 ге дейін аралықта ұсыну тиіс.

Аталмыш лауазымға үміткер тұлғаға көтерме шығындар өтелмейді, тұрғын үй берілмейді.

Конкурс өткізілетін орын: Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округіндегі №22 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан ашылған «Балбөбек» шағын орталығы

Құжатты қабылдау мерзімі: 01.03.2023 – 13.03.2023ж. сағ: 9:00 - 17:30

Конкурсты өткізу мерзімі: 16.03.2023ж. сағ: 10:00

Контакты телефоны: 8(72632)2-94-67

Электрондық поштасы: mektep_22@mail.kz

Похожие публикации: