31
август
2022
КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату туралы қағидаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ - нің 2012 жылғы 12февральдағы №57 бұйрығына сәйкес №22 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурстық комиссияның 1 - отырысы өткізілді. Оған бос және уақытша бос лауазымдық орындарға тағайындауға өтініш ұсынған математика пәні мұғаліміне 1 үміткер қатысты. Әңгімелесу кезеңінің барысында хаттамамен рәсімделіп, педагогтің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келген үміткермен комиссия мүшесі кәсіби - педагогикалық қауымдастық жұмысты қалай жүргізетіні туралы ой қозғады. Конкурстық комиссия мүшелері математика пәнінің жұмыс бағыттары мен міндеттері, баланың әлеуметтік процесін ұйымдастырушы, жоспарлы әрі мақсатты жағдай жасайтын мамандық екенін түсіндірді. Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына үміткердің бағалау парағындағы критерийлері бойынша жинаған ұпайы, оның ішінде кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері мен қоғамдық - педагогикалық қызметі ескеріле отырып, комиссияның шешімімен 10,5 ұпай жинаған үміткер Ердалиева Арай Бейсембайқызына математика пәнінің мұғалімі лауазымына қабылдау туралы мектеп директоры Е.Е.Сейдалиевке ұсыныс берілді.
