Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлық жоспары аясында 3-сынып
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 22-январь күні Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлық жоспары аясында 3-сынып оқушыларымен «Достық пойызы» тақырыбында тренинг өткізілді.Тренингтің мақсаты: оқушылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты дамыту, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.Тренинг барысында оқушылар түрлі сергіту жаттығуларына, топтық ойындарға қатысып, «достық», «бірлік», «қамқорлық» ұғымдары туралы өз ойларымен бөлісті.