ТАМАҚТАНУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
Ас блогында ыдыс жуатын су бұру жүйелерінің бірі істен шыққан. Оны ауыстыру ДШІЖО орынбасары Г.Байсаловаға тапсырылды.
Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған. Бірақ ас блогының үй-жайын тазалау кестесі ілінбеген.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термомертлер бар. Тауар көршілестігін сақтау талаптары бұзылған. Тексеру барысында сүт өнімдері мен көкөністер бір сөреде қатар қойылған. Өнімдерді сақтау режимі ескерілмеген.
Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Кептіру үшін синтетикалық матадан жасалған сүлгілерді пайдаланған. Бір реттік қағаз сүлгілерді пайдалу керектігі ескерілмеген.
Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар қарастырылмаған. Заттары арнайы киім сақтауға арналған шкафтарға ілінген.

