20
қазан
2022
"Қыз өссе -елдің көркі, Гүл өссе-жердің көркі " тақырыбында жиналыс
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде Ерте жүктіліктің алдын алу профилактикалық жоспар аясында қазан айының 20-күні 8-11сынып қыз балаларымен "Қыз өссе -елдің көркі, Гүл өссе-жердің көркі " тақырыбында директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова 8-11сынып жетекшілер қатысуымен жиналыс ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: қыздардың тәрбиелі, білімді болып өсуіне ,қыз баланың тазалықты дұрыс және күнделікті тазалықты сақтауға, қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту мақсатында өмірде кездесетін келеңсіз жағдайлардан бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ қыз балалар өзара пікір алмасып, өздеріне керекті сұрақтарына жауаптарын алды.


