Абдрешова Манат Смайлқызы » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абдрешова Манат Смайлқызы
16
қыркүйек
2020

Абдрешова Манат Смайлқызы


  Абдрешова Манат Смайлқызы 1958 жылы30 тамызда, Қызыл-Орда облысы,  Жалағаш ауданында дүниеге келген. Анасы Бидаш пен әкесі Смайыл домбыра аспабында шебер ойнайтын, өнер сүйген отбасында 3бала тәрбиелеп  өсірген берекелі отбасы болған. 1965 жылы №202 Ғ.Мұратбаев атындағы мектепте 10 жыл білім алып, 1975 жылы аяқтаған. 1972-1975 жылдары   Балалар  Музыка мектебінің домбыра класында оқып,  ұстазы күйші-композитор Қали Ибраевтан білім алған. Осы жылдары аудандық «Алтын Арай» ән-би  ансамблінің құрамында болған.1975-1978 жылдары Қызыл-Орда қаласындағы қазақ Қыздар мемлекеттік училищесінің (күндізгі) фортепиано класын  ( ұстазы Л.Хегай) бітіріп шыққан. Осы жылдары училище қабырғасынан құрылған  «Нұргүл» ән-би ансамблінің оркестр мүшесі құрамында болған. Алғаш еңбек жолын 1978 жылы Жалағаш аудандық №4 «Золотой ключик» бала бақшасында бастаған. 1983 жылы 8 наурызда, Жалағаш аудандық Халық  депудаттарының және Қәсіподақ ұйымынан, бала тәрбиесіне қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен»  марапатталған. 1984-1988 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Қыздар Мемлекеттік институты, музыка факультетіне  ( күндізгі) бөліміне түсіп, музыка пәні мұғалімі және хор дирижері мамандығын алып шыққан. Осы жылдары институттың жанынан ашылған ұлттық оркестрінің құрамында домбыра аспабында ойнаған.