Ұлы даланың жеті қыры
№ 22 жалпы білім беретін мектебінде "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласымен таныстырылуы туралы
Хабарлама
«Кемел келешекке бастар жол».
«Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы»
Н.Ә.Назарбаев
22 қараша күні тарих пәнінің мұғалімі П.Батырбекова мектеп ұжымына
"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын таныстырып ,түсіндіріп өтті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухан жаңғыру» атты мақаласының жалғасындай жалғасын тапқан «Ұлы даланың жеті қыры»атты күні кеше жарық көрген құнды ,халыққа берері мол құжат ретінде жоғары бағаланатыны даусыз.
Елбасымыздың бұл мақаласы ұлттық ұлылығымызды ұлықтар тұлғаларымыздың, болашағымыздың бастар жолын жалғайтыны сөзсіз. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізі өзегі екендігі ақиқат. Осындай игі бастамаға атсалысу – әрқайсымызға артылған қастерлі зор міндет деп мектеп ұжымымен ой бөлісті.