Рахымбаева Жарқынай Сержанқызы » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Рахымбаева Жарқынай Сержанқызы
08
қазан
2021

Рахымбаева Жарқынай Сержанқызы

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде  қол күрес спортының әлем чемпионы Рахымбаева Жарқынай Сержанқызымен «Болашақ бүгіннен басталады» атты ашық мотивациялық  кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Киелі Меркі жеріміз жанға шипа,  дертке дауа - ертегіге бергісіз аңыздар алқабы десек артық емес. Күннен сұлу, Айдан анық ақиқат даласы, қасиетті топырағы мен суы бәрі – бәрі сөз жетпес ғажап! Сол қасиетті тауы мен топырағынан талай ұлы тұлғалар мен чемпиондар түлеп ұшқа демекші бүгінгі іс - шараның мақсаты Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойы шеңберінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаланың ауқымды идеяларын оқушылар арасында тарату, өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бойтүзеуіне ұйытқы болу, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Кеш қонағын зор құрмет қуаныш пен қарсы алды. Кездесу Қазақстан Республикасының  Гимнімен ашылды.Кездесудің қонағы Рахымбаева Жарқынай Сержанқызы 
ҚР - ң еңбек сіңірген спортшысы 2015 – 2018 жылдары Тараз қаласындағы «Парасат» колледжінде дене шынықтыру мамандығын алған. 2014 жылы Астана қаласындағы чемпионаттарында І орынды иеленді 2015 жылы ҚР - ң І орын иегері, 2016 жылы Азия  чемпионатында ІІ орынды иеленіп, 2017 жылы ҚР - ң чемпионы атанып, Аудан әкімінің құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды. 2018 жылы Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебер, 2018 жылы Түркия мемлекеті Анталия қаласында өткен әлем чемпионатында І орынды иеленіп, әлем чемпионы атанды. Қазіргі таңда Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы «Балалар ауыл клубы» қол күресжаттықтырушы лауазымын атқарады.