28
қаңтар
2021
«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім»
№22 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» Бауыржан Момышұлының туылғанына 110 жыл толуына орай көрме жасалып, оқырмандарға таным сағаты жүргізілді. Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты дарыта отырып, олардың елін, жерін сүйетін патриоттық сезімін ояту, бабалар ерлігін насихаттау. Аты аңызға айналған, қазақ тарланы, қазақтың біртуар перзенті, әйгілі қолбасшы, Халық Қахарманы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтау өшпес ерлігін дәріптеу арқылы батылдыққа, ерлік пен татулыққа, еңбек сүйгіштікке дәріптеу. Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері жайдан-жай тумайды және оны айтып қалдыру кім болса соның қолынын келе бермейді. Ол үшін ғұлама , терең ойшыл, үлкен философ, ақынжанды және өз басы күнделікті күйкілжің өмірде жоғары тұратын ірі тұлға болу керек. Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері туралы мағлұмат берілді.