15
желтоқсан
2022
«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында кездесу кеші
🔷 Меркі ауданы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде 15 желтоқсан күні Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған желтоқсан ардагерлерімен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.
✅Кездесуге желтоқсан көтерілісін көзбен көріп куәгер болып қатысқан Жамбыл облысы «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің Меркі филиалының төрайымы Жуанышева Эльмира Қуанышбайқызы, «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің мүшесі және желтоқсан ардагері, мектеп ұстазы Абдрешова Манат Смайлқызы қонақта болды.
❇️ Кездесу кешін мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы мерекелік құттықтауымен бастады. Содан соң кездесуге келген ардагерлер оқиғаның қалай болғанын баяндап, қазіргі өскелең ұрпаққа өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Кездесу мектептің дарынды да талантты білім алушыларының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Кездесуді қорытындылау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова келген желтоқсан ардагерлеріне алғыстарын айтып, гүл шоқтарын тарту етті. Жамбыл облысы «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің Меркі филиалының төрайымы Джуанышева Эльмира Қуанышбайқызы және «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, желтоқсан ардагері, мектеп ұстазы Абдрешова Манат Смайлқызы Жамбыл облыстық Желтоқсан-86 қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Бердалиевтің алғыс хатымен мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлын, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекованы, ұйымдастырушы Қ.А.Бакеева, А.Байтемирова, А.Контаеваны "Алғыс хатпен" марапаттады.