25
сәуір
2022
2022 жылдың 25-сәуір мен 25-мамыр айында "Жол ережесінің қауіпсіздігі" тақырыбында айлық іс-шаралар жоспары .


№ 22 Жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2022 жылдың 25-сәуір мен 25-мамыр айында "Жол ережесінің қауіпсіздігі" тақырыбында айлық іс-шаралар жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы жоспар аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беретін мектептеріндегі 1-8сыныптарға арналған жолда жүру ережесі мен жол қауіпсіздігі негіздерін оқыту бағдарламасын бекіту туралы"2007жылғы 24тамыздағы #404бұйрығына сәйкес 1-8сынып білімалушыларымен жолда жүру ережелерін қатаң сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.ДТІЖО: П.Е.Батырбекова дәріс оқып,сақтық ережелері мен де таныстырып өтті. Мақсаты:Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру,жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру көзделді. Жол тәртібін білейік аман есен жүрейік деп балаларға толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
[media=https://www.instagram.com/p/CcyDI9tMskd/?utm_source=ig_web_copy_link]
[media=https://www.instagram.com/p/CczxPdzMAd5/?utm_source=ig_web_copy_link]
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 25 сәуір - 25мамыр аралығында мектеп оқушылары арасында "Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты айлықтың жоспары жасалып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу көзделді. Осы орайда мектебіміздің жас сақшылар командасы мен
1-4 сыныптың сынып жетекшілері балаларымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын ДТІЖО П.Е.Батырбекова, АӘД пәнінің мұғалімі Қ.Б.Даутов ұйымдастыруымен жүргізіліп,көлік жүргізушілермен сөйлесіп ,"Абайлаңыз, Балалар"жаднамасы таратылды.