Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жыр жүрегі – Мұқағали Мақатаев» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жыр жүрегі – Мұқағали Мақатаев» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
09
ақпан
2026

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жыр жүрегі – Мұқағали Мақатаев» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.

№22жалпы орта білім береті мектебімізде 9 ақпан - қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жыр жүрегі – Мұқағали Мақатаев» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.Кештің мақсаты – оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту.Іс-шара барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өмір жолына шолу жасап, ақын шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс қойылып, ақын сөзіне жазылған «Бақыт деген не өзі» әні орындалды. Кеш барысында ақынның өлеңдеріндегі туған елге деген сүйіспеншілік, өмірге құштарлық, адамгершілік пен шынайылық тақырыптары кеңінен насихатталды.
Оқушылар ақын жырларын тебіреніспен орындап, Мұқағали поэзиясының мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Мұқағали мұрасы – ұлттың рухани қазынасы. Ақын жыры ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жүректерде мәңгі сақтала бермек.