02
ақпан
2026
МЕМЛЕКЕТТІК ГИМН ОРЫНДАЛДЫ!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні – еліміздің ең қасиетті символдарының бірі. 1А сыныбында әр аптаның дүйсенбі күні гимнді айту арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беріліп, ұлттық рух пен елге деген сүйіспеншілік қалыптасады. Гимнді орындау кезінде балалар елдің тәуелсіздігіне, бірлігінен мақтаныш сезінеді және өз Отанын құрметтеуді үйренеді. Сонымен қатар, бұл дәстүр сыныпта тәртіп пен мәдениеттілікті нығайтады, бірлік пен татулықты күшейтеді.Осылайша, әр аптаның басында гимн айту – 1А сыныбы үшін ұлттық тәрбие мен азаматтық санаға бағытталған маңызды іс-әрекет болып табылады.