23
қаңтар
2026
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлық жоспары аясында 3-сынып оқушыларымен «Достық пойызы» тақырыбында тренинг өткізілді.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 22-қаңтар күні Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлық жоспары аясында 3-сынып оқушыларымен «Достық пойызы» тақырыбында тренинг өткізілді.Тренингтің мақсаты: оқушылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты дамыту, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.Тренинг барысында оқушылар түрлі сергіту жаттығуларына, топтық ойындарға қатысып, «достық», «бірлік», «қамқорлық» ұғымдары туралы өз ойларымен бөлісті. «Достық пойызы» ойыны арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жағымды эмоция алды.Іс-шара соңында оқушылар белсенділік танытып, тренингке қызығушылықпен қатысқандары байқалды. Тренинг өз мақсатына жетті.
Мектеп психологы: М.Е.Рамаданова