10
желтоқсан
2025
3-4-сыныптар арасында «Тәуелсіз елім- тірегім» тақырыбында зияткерлік ойыны өткізілді.
Желтоқсан - БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ айы “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 10-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 3-4-сыныптар арасында «Тәуелсіз елім- тірегім» тақырыбында зияткерлік ойыны өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы білімдерін тереңдету, зияткерлік қабілеттерін дамыту.Ойын 5 кезеңнен тұрды.1. Бәйге2. «Сөз асылы-мақал»
3. Тез ойла!
4. Сөз шебері
5. Жорға
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Зияткерлік ойын достық және ұйымшылдық атмосферасында өтті. Ойын соңында жеңімпаз топ марапатталды. Оқушылардың елге деген патриоттық сезімін нығайтуға ықпал етті.