05
желтоқсан
2025
«Қауіпсіз қоғам» жобасын жүзеге асыру мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, суицид, бопсалау және әсіресе нашақорлыққа жол бермеу мәселелеріне арналған түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қауіпсіз қоғам» жобасын жүзеге асыру мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, суицид, бопсалау және әсіресе нашақорлыққа жол бермеу мәселелеріне арналған түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің уақытша бос жүрген жастармен және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің басшысы Пірманқұл Жалғас Әбдікерімұлы, сондай-ақ «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сүйімқұл Шарапат қатысып, жастарға бағытталған мазмұнды ақпараттармен бөлісті.Кездесу барысында мамандар нашақорлықтың жеке адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына, болашағына, отбасы мен қоғамға тигізетін салдарын, сондай-ақ есірткіге тәуелділіктің туындататын қауіптерін кеңінен түсіндірді. Жастарға есірткі заттарының таралу арналары, интернеттегі жасырын насихат, кәмелетке толмағандарды есірткі тасымалдауға тартудың түрлі тәсілдері туралы ескерту жасалды. Мектеп медбикесі Б.Дарибаева нашақорлықтың алдын алу мақсатында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, құрдастар қысымына қарсы тұра білу, қауіпті ортадан аулақ болу, қиын эмоциялық жағдайларды дұрыс еңсеру жолдары түсіндіріп өтті.Сондай -ақ ДТЖЖО П.Батырбекова қажет болғанда сенім телефондарына, мамандарға немесе құқық қорғау органдарына жүгінудің маңыздылығы туралы да айтылды.Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың санасында нашақорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру, оларды жағымсыз әдеттерден қорғау және салауатты өмір салтын таңдауға бағыттау.